Өскемендегі бірнеше көп қабатты үйде бүгін суық су өшіріледі

297
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
10 шілде сағат 23:00-ден 11 шілдеде сағат 6:00-ге дейін "Өскемен Водоканал" кәсіпорны Крылов көшесі  88 мекенжайында су құбыры желілеріндегі технологиялық желілерді ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
Осыған байланысты келесі көшелердегі көпқабатты үйлерде суық су беру уақытша тоқтатылады:
Крылов көшесі, 74, 72, 70, 77, 80, 82, 84, 86, 87, 104, 106, 108, 110, 112, 114; 
Протозанов көшесі, 65, 67, 71, 75, 77, 81, 85, 89, 91; 
Лихарев көшесі, 2; 
Қ.Қайсенов көшесі, 78, 78/1, 82, 82/1, 84, 86, 88, 117, 119, 123, 123/1, 125; 
М. Әуезов даңғылы, 13, 15, 20, 20/1, 22 пәтерлері. 
- Аталған үйлердің тұрғындарына суық су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылады. Өтінімдер тәулік бойы 53-16-61, 8-705-206-79-16 байланыс нөмірлері бойынша қабылданады. Сондай-ақ тұрғындардан алдын ала жағдайды ескеріп, үйде суық су қорын сақтауларын сұраймыз, - делінген ақпаратта.