Өскемендегі бояулар фестиваліне жүзге тарта қала тұрғыны қатысуда

392
көрілім
Фотосуреттер авторы - Виктор Абакумов

Дәл қазір облыстық «Color Fest-2018» бояулар фестивалі ең қызыған шағында, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс орталығында «Color Fest-2018» бояулар фестивалі сағат 13.00-ден бастау алған болатын. Айналаны қанық түске бояйтын фестивальге жиналған адам қарасы әлі де болса толастаған жоқ.

Амфитеатрға жиналған әртүрлі жастағы қала тұрғындары мен қонақтары 15.00-де аспанға үлкен көлемде бояу лақтырды.

Естеріңізге сала кетсек, бояулар фестивалі кешкі сағат 22.00-ге дейін жалғасады.