Өскемендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені жаңартылуда

547
көрілім

Өскеменде қалалық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл жайлы шаһар басшысы Жақсылық Омар Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Барлық спорт залдарында қабырғалар ретке келтіріліп, едендер толығымен ауыстырылуда. Қызметтік бөлмелер де өзгертіліп жатыр. Дәліздер кеңейтіліп, душтар заманауи стандарттарға сай қайта салынуда. Сондай-ақ киім ауыстыратын бөлмелер мен жуынатын бөлмелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді әкім.

Оның мәліметінше, ғимараттың алды да жаңартылуда. Бұдан бөлек, спорт кешенінде сумен, электрмен, жылумен жабдықтау және желдету жүйелері толық қайта жаңғыртылмақ.