Өскемендегі ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

761
көрілім

Ел Тәуелсіздігі 16 желтоқсан биыл жұма күніне түсіп тұр. Осы байланысты Өскеменде ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл ретте облыс орталығындағы кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО сенбі, 17 желтоқсанда жұмыс істейді. Өскемен қаласында кезекші №3 ХҚКО – Белинский көшесі, 37а мекенжайында, оның жұмыс кестесі 9-дан 13.00-ге дейін, ал Абай көшесі 203/3 мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған ХҚКО мемлекеттік қызметтер бойынша өтінімдерді сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды. Құжаттарды беру сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін жүргізіледі.

- Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндері кезекші ХҚО 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. ХҚКО-ның қалған бөлімдерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9: 00-ден 18:00-ге дейін, - делінген мәліметте.

19 желтоқсаннан бастап қызмет алушылар мемлекеттік қызметтерді әдеттегі кестеде ала алады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді мереке және демалыс күндері де онлайн eGov.kz, «ХҚҚО» қосымшасы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, Egovmobile мобильді қосымшасы және Kaspi және Halyk Homebank банктік қосымшалары арқылы да ала алатыныңызды ұмытпаған жөн.