Өскемендегі кітапханада балалар апталығы басталды

1476
көрілім

Өскемендегі О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Балалар мен жасөспірімдер кітаптарының апталығы» басталды. Соның аясында 3- 9 сәуір аралығында бірқатар шара өтпек.

Сол шаралардың жоспары төмендегідей:

3 сәуірден - 9 сәуірге дейін: «Болашаққа – кітаппен!»/ «С книгой в будущее!» - әдеби дастархан.

3-сәуір, сағат 11:00 - Фэнтезист балалар жазушысы Рүстем Сауытбаймен қашықтағы (онлайн) кездесу.

3-сәуір, сағат 15:00 - Кітапхананың үздік оқырмандарын марапаттау салтанаты.

4-сәуір, сағат 11:00 - Интерактивное занятие к Международному дню интернета «Дети онлайн» «Живёт в нём вся Вселенная, а вещь обыкновенная» (шара орыс тілінде).

4-сәуір, сағат 11:00 - ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Гүлжайнар Қалдинамен қашықтағы кездесу.

5-сәуір, сағат 10:00 - Ретро-день «Книги вне времени» (орыс тілінде).

5-сәуір, сағат 11:00 - Балалар жазушысы Айбол Абашовпен қашықтағы кездесу.

6-сәуір, сағат 10:00 - Кинозал к всемирному дню мультфильмов «Говорит и показывает книга» (орыс тілінде).

6-сәуір, сағат 11:00 - Онлайн-встреча с детской писательницей Меруерт Алонсо (орыс тілінде).

6-сәуір, сағат 19:00 - Ақын, журналист, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Олжас Қасыммен қашықтағы кездесу.

7-сәуір, сағат 10:00 - «День чтения вслух» (орыс тілінде).

7-сәуір, сағат 11:00 - Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жас ақын Гүлдана Исаевамен қашықтағы кездесу.

7-сәуір, сағат 15:00 - «Шабыт» әдеби клубы аясында жазушы Қуат Қиықбаймен офлайн кездесу. Клуб жетекшісі - Серік Қуанған.