Өскемендегі кітапханада Наурызды NEO Digital форматында қарсы алады

723
көрілім

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада Наурызды NEO Digital форматында қарсы алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

Келушілерді виртуалды әлемдегі кескіндеме шоуы, қазақтың ұлттық киімінің цифрлық көрсетілімі, Наурыз туралы кітап көрмесі, «Қазақ Қол Өнері» шеберлік сабағы, театрландырылған қойылым, аквагримм және караоке күтіп тұр.

- Сондай-ақ ұлттық ойындар, атап айтқанда, Көкпар, Теңге алу, Асық, Қыз қуу, Бес тас, Арқан тартыс болады. Тұрғындарға арналған басқа да қызықты шараларымыз бар. Баршаңызды 17 наурыз күні сағат 18.00-де кітапханада күтеміз, - деп хабарлады кітапхана қызметкерлері.

Айта кетейік, Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана Е.Славский атындағы жағалау, 22 мекенжайында орналасқан.