Өскемендегі көлікжайдың бірін түлкі мекендеп алған

336
көрілім

Өскемен қаласындағы «Заречный» базарының маңындағы гараж кооперативтерінің бірін түлкі мекендеп алған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Ол көлікжайлардың бірінің үңгіп астын арқылы кіріп алған, сол уақыттан бері осы жерді мекен етеді. Түз тағысы ақырында қолға үйрене бастаған. Көршілес тұрғындар түлкіге қалдықтарын береді, сондықтан аңның қазіргі жағдайы жаман емес. Дегенмен түлкінің бұл тіршілгі үшін алаңдайтындар да баршылық.

- Түз тағысының адамдарға жақын келген әрекетін құп көрсек те бұл жерде иттер көп қой. Олардың бірі түлкіге өз зиянын тигізуі әбден мүмкін. Бәлкім, бұл түз тағысын қолға алып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қайырымды жандар табылып қалар, - дейді тұрғындар.