Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйдегі сақ жауынгері суреті қашан бітетіні белгілі болды

321
көрілім

Қала тұрғындары Сәтпаев даңғылындағы 22-үйдің қабырғасынан айшықты суретті көруде. Алайда ол жұмыс әлі толық аяқталмады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл өнер туындысы өскемендіктерге қала күнінде тарту етілмек.
– Сурет әлі толық бітпеді. 14 қыркүйек күні қала күнінде таныстырылады. Өскемендіктерге сол күні портреттің авторлары белгілі болып, суретшінің қандай ой айтпақ болғаны да сөз етілмек, – деді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.