Өскемендегі көше ортасында аударылған жүк көлігі жайлы полиция қызметкерлері ақпарат берді

360
көрілім

Назарбаев даңғылындағы толайым сауда базарының бойында автобус пен жүк көлігі соқтығысып қалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Өскемен қалалық Полиция басқармасының хабарлауынша, сағат 12:00-дер шамасында №13 қалалық бағыттағы автобус жүргізушісі «Isuzu» маркалы жүк көлігімен қақтығысып, қатты соққыдан екінші көлік жанына аударылып қалған.


- Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ешкім жоқ. Автобус жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады Полиция басқармасының баспасөз қызметі.