Өскемендегі «Май» зауытының жұмысы уақытша тоқтатылмақ

395
көрілім
inform.kz

«Май» АҚ зауыты қайта жөндеуден өткізіледі. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жақын маңдағы аудандарда жағымсыз иіс жоғалады деп күтілуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Өндіріс жұмысын уақытша тоқтататын боламыз, – деп хабарлады «Май» АҚ бас-инженері Владимир Молчанов. – Қандай қондырғылар жаңартылып, қандай жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігі алдағы уақытта белгілі болады.

Естеріңізге сала кетсек, экологиялық қауіпсіздік орталығы осыған дейін 2018 жылдың мамыр-маусым айларында май зауыты жаңа қондырғылармен толығатынын хабарлаған еді. Заманауи қондырғылар Кемежай аудан мен Красин кентіндегі үнемі сезілетін май қышқылының өткір иісін болдырмайды. Кәсіпорын жоспарларын жүзеге асыруды бастап кетті.