Өскемендегі орманның бірінен адам денесі табылды

489
көрілім

Полицейлердің мәліметінше, бір жылдан астам уақыт бұрын Алматыда жоғалып кеткен ер адамның денесі Өскемен қаласының шетіндегі орман белдеуінен табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

LIDER.KZ еріктілер қозғалысы Алматыда 2021 жылдың 13 наурызында 1991 жылы туған ер адамның жоғалып кеткенін хабарлаған. Сол күні сағат 6:30 шамасында Райымбек көшесіне қарасты жұмыс орнынан шыққаннан кейін оны ешкім көрмеген. Жақында ғана еріктілер жас жігітті іздеу жұмыстары тоқтатылғанын хабарлаған еді.

– Оның денесі Өскемен қаласының іргесіндегі орман ішінен абылды. 19 шілдеде бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама жұмыстары жүргізілуде - деп толықтырды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.