Өскемендегі политехникалық колледж оқу жылына дайын емес

657
көрілім

Бүгін «Amanat» партиясының жанындағы «Jastar ruhy» Жастар қанатының бастамасымен  Өскемен жоғары политехникалық колледжінің жатақханасына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараның мақсаты – студенттер үйінің жай-күйімен танысып, олардың қандай жағдайда тұрып жатқандығына көз жеткізу.
Жатақхана 3 қабаттан, жоба бойынша 240 орынға есептелген. Студенттер жатақханада тұру үшін айына 5-10 мың теңге көлемінде төлейді. Жетім және көпбалалы отбасыларға жатақханадан орын тегін беріледі.  Студенттердің қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары жұмыс істейді.


Өскемен жоғары политехникалық колледжінің жатақханасында жөндеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Бірақ санитарлық нормаларға мүлде сәйкес келмейді. Дәретхана, жуынатын бөлмелерге көп уақыт жөндеу жұмыстары жасалмаған. Бөлме ішіндегі кейбір жиҺаздар ескірген, сынған.


Тексеріс кезінде оқу орнының жаңа оқу жылына дайын емес екені анықталды. Бірақ мекеме басшылығы жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталатынын айтты.