Өскемендегі Самал саябағының жұмыстары 15 тамызға дейін толық аяқталады

303
көрілім

Табиғи-спорттық кешен келушілерге есігін ашты. Алайда абаттандырылу жұмыстары әлі де жүріп жатыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


ШҚО әкімі Даниал Ахметов саябақ жұмыстарымен танысу кезінде барлығын 15 тамызға дейін аяқтауды тапсырды.
–  Жұмыс соңына жақын. Қаламызда енді тағы бір демалыс орны ашылды. Мұнда тек уақыт өткізіп қана қоймай спортпен шұғылдануға болады. Бұған қоса су спорты түрлерімен шұғылдануға, ескек есуге мүмкіндік бар. Келесі сағасында су деңгейін реттейтін қондырғы орнатылады. Енді тек ұсақ-түйек жұмыстар қалды, – деді Даниал Ахметов.