Өскемендегі сауда нысандарында рейд жүргізілді

183
көрілім

Өскеменде қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармасының мамандары сауда нысандарында белгіленген санитарлық нормалардың сақталуын тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандар сөзінше, рейд барысында барлық сатушылар мен сатып алушылар тарапынан маска режимін сақтамау, ал кәсіпкерлік нысандардың иелері тарапынан белгіленген барлық санитарлық талаптардың бұзылуы жағдайлары анықталмады.

- Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау коронавирустық инфекцияның алдын алуға көмектеседі. Мұндай рейдтерді жиі өткізіп отырамыз, -деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Тауанова.