Өскемендегі ШҚТУ-да заманауи инженер түсінігі басшылыққа алынған

1850
көрілім
Шартты фотосурет

Білім ошағының ректоры Жасұлан Шаймардановтың айтуынша, халықаралық, әлемдік деңгейде техникалық салалардың үздігі болу үшін тереңдетілген физиканың берері мол, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазіргі уақытта Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да инновациялық білім берудің жан-жақты әдісі жіті меңгеріліп, студенттер онлайн білім алып жатса да оқытушылар тарапы бұны ұдайы бақылауда ұстауда.

– Саналы ұрпақ тәрбиелеуде кез келген университеттің алға қойған ұстанымы түрліше. Бірі маман даярлауда түрлі критерийлерді басшылыққа алса, бірі тәжірибелік тұрғыда әралуан тапсырмалар беріп, шәкірттерінің шеберліктерін шыңдап жатады. Біздің бағыт – заманауи инженер түсінігін ғылыми көзқарас ретінде қарастырып қана шектелмей, физика-математика бойынша білім беру қарқынын күшейте түсу. Мұны оқытушылық құрам да жіті түсінеді. Шетелден білім алып келген ұстаздарымыз осы тұрғыда жүйелі жұмыс жүргізуді жоспарларына енгізген, әрі көптеген студенттеріміз тереңдетілген физикаға мықтап ден қойса, халықаралық деңгейде сұранысқа ие маман атануға мол мүмкіндік алады. Осы тұрғыда білім ордасының қабырғасында қосымша факультеттер ашылған, – деді Жасұлан Шаймарданов.