Өскемендегі супермаркеттердің бірінен өрт шығып, жүзден аса адам эвакуацияланды

299
көрілім

Сауда нүктесіндегі тілсіз жауды анықтауға 13 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 14:40 шамасында «City Center» супермаркетінен қалың түтіннің шығып жатқандығы туралы хабар келген. Аталған сауда орны облыс орталығының Виноградов көшесінде орналасқан.

– Мекенжай бойынша өрт сөндіру қызметінің 13 көлік құралы жұмылдырылып, жалын шарпыған аумақ 60 шаршы метр екендігі анықталды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде қабырғалары мен шатырдағы жылытқыштың отқа оранғандығын байқаған. Өрт ошағынан 132 адам қауіпсіз жерге көшірілді, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.