Өскемендегі Теннис орталығы толыққанды жұмыс істеп тұрған жоқ - Фархад Құсайынов

1336
көрілім

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру бөлімінің басшысы Фархад Құсайынов қазір балаларды жинап, бапкерлер шақыртылып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаттықтырушылар республиканың әр түкпірінен келіп жатқан көрінеді. Осы күнге дейін шағын турнир да ұйымдастырылыпты.
- Шағын турнир өз деңгейінде өтті. Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиаданың үстел теннисі бәсекесін айтуға болады. Орталық әзірге толыққанды жұмыс істеп тұрған жоқ. Десе де ол жерде Балалар-жасөспірімдер мектебі жұмысын бастады, - деді жауапты тұлға.