Өскемендік әйел жұртты «ақша алып беремін» деп алдаған

285
көрілім

Қала тұрғыны бірнеше адамға ақшалай несие рәсімдеп беремін деп, артынан сан соқтырып кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

7 қазан күні тәртіп сақшыларына алаяқтық туралы бірнеше шағым келіп түскен.

Полицияға арыз жазған 27 жастағы тұрғын Мира есімді әйелге 3 000 000 теңге несие рәсімдеп беруі үшін, 100 мың теңге сыйақы ұстатқан. Мұнысымен қызметі үшін ақы алғандай болған алаяқ, белгілі бір уақыт өткен соң берген уәдесін орындамаған. Осылайша бірнеше адамға «көмектесемін» деп сендіріп, артынша ізін суытқан. Алаяқ әйел алдын ала ақшаны алып, ұялы телефонын сөндіріп тастап отырған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 1992 жылғы азаматша қамауға алынды. Алаяқтық үш оқиғаға қатысы бар әйел бұған дейін сотталмаған болып шықты. Енді бұл іспен заң органдары айналысуда.