Өскемендік мектеп оқушылары алғашқы білім күнін қарсы алуда

647
көрілім
Шартты сурет

45 мыңға жуық оқушы қала көшелеріне шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жазғы демалыстан кейін 48 қалалық мемлекеттік және үш жекеменшік мектеп бүгінде оқу жылына сақадай сай. Мектепте 1-11 сынып аралығындағы 44 260 бала оқитын болады.

Оның ішінде бірінші сынып оқушылары – 5462 адам. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады.

Бүгінде қаладағы барлық мектептерде мұғалімдер, оқу ісінің меңгерушілері, директорлар оқушыларды жылы шыраймен күтіп алуда.