Өскемендік семсерші Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

507
көрілім

Өскемендік семсерші Виктория Қайдарова Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатында жүлдегер атанды, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соңғы жылдары едәуір екпін алған шығысқазақстандық спортшылар бұл жолы да ауқымды жарыстан шет қалмады. Бұрымдылар жарап тұр. Мейргүл Әбиева қол астында жаттығатын спортшымыз Виктория Қайдарова ел құрамасы сапында өнер көрсетіп, командалық сайыста екінші орын иеленді.

Тісқаққан семсершілер арасында финалға дейін аптықпай жетті. Алайда Александра Тамбовцева, Виктория Қайдарова, Ксения Тимашевская және Наталья Зинякова өнер көрсеткен спортшылар шешуші сында жарыс қожайындары Өзбекстан құрамасына 45:39 есебімен жол берді.
Ал жекелей сында бақ сынаған отандастарымыздың бірде-бірі медаль ала алмады.