Өскемендік жігіт 10 мың теңге үшін 72 жастағы зейнеткерге шабуыл жасаған

444
көрілім

Қалалық полиция қызметкерлеріне ұрлық және шабуыл жасау бойынша ақпар келіп түскен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға облыс орталығында орын алды. Хабарлама келген соң тәртіп сақшылары бірден іздестіру шараларына көшкен. Анықталғандай 14 қазан күні кешкі уақытта ер адам терезе арқылы үйге кіріп, күш қолдану арқылы кейуананың қолындағы 10 мың теңгені алып қашып кеткен.

– Жедел әрекет еткен полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Заңбұзушы кінәсін толық мойындап отыр. Ұрлаған ақшаны жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі мамандары.