Өскемендік жігіт аялдаманы бұзамын деп полицейлерге ұсталды

306
көрілім

Алтыншы қараша күні қалалық полиция бөліміне белгісіз біреудің аялдаманы бұзып кеткендігі жайлы хабар келген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аялдаманың шынысын сындырған ол көп кешікпей тәртіп сақшыларына ұсталды. Бұзақыны бейнебақылау камералары арқылы анықтады. 23 жастағы заңбұзушы Қазақстан көшесіндегі «Юбилейный» кинотеатры маңындағы аялдаманы еш себепсіз сындырған. Ұсталғаннан кейін мұндай қателікке неге барғандығын түсіндіре алмады.

Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын сомасы анықталуда. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.