Өскемендік жігіт курьерге күш көрсетіп, пиццасын ұрлап кеткен

395
көрілім

Оқиға облыс орталығында орын алған. Бірінші қазаннан екінші қазанға қараған түні бейтаныс жігіт курьер қызға шабуылдаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Тапсырысты жеткізбек болған пицца тасушы қыз аяқ астынан келеңсіз жағдайға тап болды. Түнгі сағат он екілерде белгісіз біреу қысым көрсетіп, денесін жарқаттаған. Оған қоса 2500 теңге тұратын пиццасын тартып алды.

Аталған жайтқа байланысты кезекшілікте болған тәртіп сақшыларынан жеке құрам құрылып, күдікті анықталды. Заңбұзушылыққа барған 18 жастағы өскемендік полиция бөліміне жеткізілді.

– Күдікті өзінің кінәсін толық мойындады. Бірақ пиццаны жеп үлгерген. Тек пицца қорабы ғана айғақ ретінде тәркіленді. Ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.