Өскемендіктер жаяу жүргіншілер жолағының алынғанына наразы

363
көрілім

Өскемендіктер облыстық драма театрдан «Fresh market» сауда орталығына қарай өтетін жаяу жүргіншілер жолағының алынып тасталғанына наразы. Осыған орай тұрғындар сол жерге жиналып қалалық әкімдіктен жол белгісін қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Театр мен «Fresh Market» сауда орталығына қарай өтетін жаяу жүргіншілер жолағының алынғанына біраз уақыт болды. Бұның не үшін істелгенін түсінбедік. Театрда 250-ге жуық адам жұмыс істейді. Бұрындары түскі ас кезінде сауда орталығынан түскі ас ішетінбіз. Ал қазір жолдың арғы бетіне өтіп қайта келу үшін көп уақытымыз кетеді. Сонымен бірге қойылымға келетін үлкен кісілер мен балаларға да қиын болды, дейді театр актері Арыстанбек Мұқият.

Тұрғындардың жанайқайын тыңдаған Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Тамара Рахымжанова мәселенінің жуық арада шешімін табатынын айтты.