Өскеменге екі ауданнан жәрмеңке келеді

581
көрілім
Шартты фотосурет

Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Бұл жолы  «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеде Көкпекті ауданының, ал «Дос-Нар» базарында Күршім ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынбақ. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланады. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни сәуір айының 30-ы күні сағат 8:00-де басталады.