Өскеменнің іргесіндегі аудандарға көше жарығы орнатылады

328
көрілім

Қала әкімдігі көшелерді жарықтандыру бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, жарықтандыру жұмыстары жалпы ұзындығы 25 шақырым болатын учаскелерде жүргізіледі. Бұл жұмыстар көбінесе №7,8,9 Бұқаралық спортты дамыту орталықтарының қарамағындағы аудандарға қатысты.

Осылайша жарықтандыру Теміржолшылар, Тынышпаев, Косарев, Грейдерная, Бажов көшелерінде (№ 345, 345/1, 345/3 үйлері аумағында және әуежайдан бұрылысқа дейін қаладан шығуға дейінгі учаскесінде), Нефтяная, Пограничная, Вострецов көшелерінде және әуежай маңындағы бау-бақша серіктестігінің Садовая көшесінде жарық шамдары орнатылады.