Өскеменнің шетіндегі қоқыс алаңының өртенуіне байланысты ақпарат берілді

41
көрілім

Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары қалалық қоқыс төгетін жерге барып, мән-жайын біліп қайтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Қазіргі уақытта оттың жайылып кетпеуіне қатысты шаралар жасалуда.
Айта кетейік, қалалық Шмелев Лог маңындағы өрт ошағы 11 тамыз күні таңертең жанып бастаған. ТЖ қызметкерлерінің айтуынша, өрт сөндірілсе де түтін әлі тарамай тұр.
– Қоқыс маңын күзетіп, сөндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Жұмыстың бөгелуі күннің ыстығы мен құрғақ желдің әсерінен. Жанған аумақты айқындау да оңайға соқпауда өйткені қоқыс астынан бықсып жануда, – деді ТЖ басқармасының азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Валентин Литвиненко.
Сонымен қатар эколог мамандар қоқыстың жану өнімі болып табылатын хлорлы сутегінің шектен тыс асып кетуін айтты.
– Қаладағы ауа құрамында зиянды заттардың мөлшері үлкен қауіп төндірмесе де тұрғындардың аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпағандары дұрыс, – деді Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.