«Өскемен-Риддер» тасжолындағы жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза болды

377
көрілім
фотосурет шартты

Қаңтардың 1-і күні орын алған жол апаты салдарынан әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Жол апаты шамамен сағат 12:30 кезінде жолдың 65-ші шақырымында Зимовье ауылына жақын жерде орын алған, – дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. – Toyota Carina автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші Өскемен бағытымен келе жатып, рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен. Нәтижесінде қарсы беттен келе жатқан Subary Forester көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Carina автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында жантәсілім етті. Үш жолаушы және түрлі жарақаттары бар кәмелеттік жасқа толмаған екі бала емханаға жеткізілді.

Мәлім болғандай, ҚР Қылмыстық Кодексі 345-бабының 3-тармағы бойынша (жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін, абайсызда кісі өліміне әкеліп соққаны үшін) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптама жүргізілуде.