«Өскемен-Самар» тасжолында болған жол апатынан 3 адам зардап шекті

309
көрілім
«Тoyota Land Cruiser» көлігі.

ШҚО ПД қызметкерлері бірнеше адам зардап шеккен жол апатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Алдын ала ақпарат бойынша, 28 жастағы «Toyota Mark II» маркалы көліктің иесі Самсоновка  ауылынан облыс орталығына қарай жолда алдында келе жатқан көлікті басып озамын деп, «Тoyota Land Cruiser» мәшинесімен соқтығысқан.

– Қақтығысудан кейін «Тоyota Mark II» көлігі қарсы жолдың үстіне кері шығып қалды. Қатты соққыдан 3 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді ПД баспасөз хатшысы.

«Toyota Mark II» көлігі