Өскемен-Шемонаиха тасжолы бағытында болған жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

265
көрілім

Қайғылы салдарға әкелген жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 68 жастағы жүргізуші облыс орталығына қарай бағыт алған. Глубокое кентіне қарай тасжолдың бұрылысында тоқтаған жеңіл көлік сол жаққа бұрылмақ болған. Кейін келе жатқан көлік жүргізушісі озбақ болып, соқтығысқан.

– Нәтижесінде бірінші көлік аударылып, қатты жарақат алған иесі жансақтау бөлімінде тіл тартпай кетті. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.