Ота жасалды

275
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет бүйрек ауыстыру бойынша екі ота жасалды.

Өңірімізде бүйрек трансплантациясына 500 адам зәру екен. Орталықта бүйрек алмастырудан тұңғыш рет екі ота жасалып, сәтті өтті. Трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығының жетекшісі, профессор Жақсылық Досқалиев басқарған жергілікті хирургтер төрт сағат бойы ең қиын операциялардың бірін жасады. Өскемен қаласының 56 жастағы тұрғыны өзінің 32 жастағы ұлына бүйрегін беріп, донор атанды. Ал екінші ота Күршім ауданынан келген Анар Әубәкіроваға жасалды.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ