Өткендегі аязды күндері қоғамдық көлікті көп күту себептері түсіндірілді

317
көрілім

Жолаушылар қозғалысын басқару орталығы қатты аязда Өскемен қаласы тұрғындарының қоғамдық көлікті ұзақ уақыт күту себебін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Сол Жағалауда тұрамыз. Біздің жақтан қатынайын №24 бағыттағы автобустың қозғалысына көңіліміз толмайды. Өткен аязды күндері автобусты бір сағаттан артық күттім, болмаған соң такси шақыртуға тура келді, - деп шағымдады тұрғын Любовь Феофанова.

Жолаушылар қозғалысын басқару орталығының хабарлауынша, қатты аяз болған күндері маршруттағы 2-3 автобус техникалық ақуларға байланысты шықпай қалған.  Мұндай кемшіліктер тек №24 автобусқа ғана қатысты емес, басқа бағыттағы автобустарда да орын алды.