Өз ісін бастаған

50
көрілім

Аягөз ауданында зейнеткерлікке шыққан әйел азаматша мемлекеттен несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда, деп хабарлайды газет тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қуаныш" шаруа қожалығының құрылғанына бір жыл ғана болған. Қожалық басшысы әйел азаматша зейнеткерлікке шыққанына 10 жыл болғанын айтады. "Береке" мемлекеттік бағдарламасы арқылы 3,5 миллион теңге несие алып, 20 бас ірі қара сатып алған ол бір жыл ішінде мал басын 40-қа жеткізген. Биыл да 19 миллион теңге мөлшерінде несие алып, бордақыланатын 36 бас ірі қара алып, оның санын 100-ге жеткізуді көздеп отыр.

- Міне, жастармызға үлгі боларлық мысал. Бұл адам құрметті демалыста отырса да несие алып, өз ісін бастап кеткен, - деді Даниал Ахметов. - Бордақылау кешенін салудың нәтижесі шаруаларға жем-шөп дайындайтын жер телімдерін беріп, технологиялық қолдау көрсеткенде ғана көрінеді. Қажетті техника сатып алуы үшін мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау көрсету қажет.

Ерлен ОСМАНОВ