Өзбекстанда Әбу Насыр әл-Фараби жазған кітап табылды

207
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

Өзбекстанның Наманган облысында ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің кітабы табылды, деп хабарлайды  Buqara.kz  сайтының тілшісі.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, онда табылған кітаптан бөлек XI–XIV ғасырға тән көне қылыштар да бар. «Сирек кездесетін үш кітапта ғылым, философия және тарихқа қатысты бірегей білім жазылған» делінген хабарламада.

Хабарда айтылғандай, Ахсикент археологиялық саябағының құрамындағы Жаңа Ахси кешеніндегі баға жетпес жәдігерлер саны онға көбейіп, коллекция 475-600 жылдарға тәне Бактрия монетасы мен XIX ғасырда мөрленген Қытай монетасымен толыққан.

«Мамандар XI ғасырға тиесілі деп бағалаған қылыш ұрыс жағдайында сақталған. Оны Аксикенттің ұсталары қатты болаттан жасаған. Әлемдік болат орталығы ретінде танылған Аксикент жұмсақ және қатты болатпен танымал. Оның қалай жасалатыны әлі күнге дейін жұмбақ. Екінші қару XIV ғасырға жатады және оны Әмір Темірдің арнайы сарбаздары қолданған» дейді ведомстводан.