Палуандар оқу-жаттығу жиынына қатысуда

419
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Бұл ақпарат бірнеше күн бұрын Ұлттық құрама мүшелерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында да жарияланған еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлем чемпионатында Олимпиада ойындарының екі мәрте чемпионы Роман Власовты жолынан ығыстырған Асхат Ділмұхамедов те «әзірлік басталды» деп жаттығу сәтіндегі фотосуретпен бөліскен болатын. Ұлттық олимпиадалық комитет мәліметінше, спортшылар Ақмола облысында орналасқан "Жақсы-2" спорт базасында дайындықтарын пысықтауда. Аталған оқу-жаттығу жиынына ұлттық құрамадан 25 палуан қатысуда. Олардың құрамында шығысқазақстандық спортшылардың барын да айта кетейік. Грек-рим күресі шеберлерінің жаттығу жиыны 13 қазанға дейін жалғаспақ.