Пандемия салдарынан ШҚО-дағы туристер саны екі есеге азайды

330
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы облыс орталығында өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақовтың айтуынша, індеттің ушығуынан Алакөлге келушілер саны 70 пайызға төмендеген.
– Пандемияның өршуі өңір туризмін біршама есеңгіретті. Атап айтсақ, облыс көлемінде туристер саны екі есеге азайды. Соған қарамастан турагенттіктер өз жұмыстарын орта жолдан тастамай, облыс әкімдігінің қолдауымен біртіндеп аяққа тұра бастады. Одан бөлек, биыл вакцина салынып, халық психологиялық тұрғыда дайын болды. Жалпы пандемия қанша жерден кері әсерін тигізсе де ішкі туризм тұралаған жоқ, – деді Марат Саятұлы.