Пандемия ШҚО-дағы мемлекеттік сатып алуға қалай әсер етті?

368
көрілім
Шартты фотосурет

Бұған ШҚО Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Рустам Байырбеков жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғаның айтынша, өткен жылы бұл бағытта отандық өнімдерді қолдап, отандық жеткізушілерге басымдық берілді. Тәртіп бұзушылық хақында нақты бір факт келтірілмеді.

– Індеттің мемлекеттік сатып алуға кері әсер еткен тұстары да болды. Дегенмен дәл осы бағытта жиі қолданылатын бір көзден алу әдісі өз қарқынын жоғалтпады. Соған сәйкес арнайы тәртіп құрылды. Жылдағы норманы тым төмендеді деп айта алмаймыз, облыс көлемінде жемқорлық жиі тіркелетін бағыт та осы бір көзден алу әдісі. Басшылық тарапы бұны бақылауға алдық, бастысы әр мемлекеттік сатып алу тәртіп күшейтілген режимде, бұзушылықтар болдырмау мақсатында жалғасуда, – деді Рустам Мұратұлы.