Парасатты отбасы – парасатты қоғам негізі

293
көрілім

Қоғамның парасаттылығы мен ел Тәуелсіздігінің беріктігі тікелей отбасындағы тәрбие екендігі арқау етіле отырып, шаңырақтағы құндылықтарды дәріптеу, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен соңғы үш жыл қатарынан «Парасатты отбасы» байқауы өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл да бұл игі бастама Шығыс Қазақстан облысында жалғастырылды. Байқауға 35 отбасы қатысып, әрбір отбасы жанұялық құндылықтарымен, бала бойында адалдық, парасаттылық қасиеттерін қалыптастыру бойынша пікірлерімен, отбасындағы береке мен бірліктің құпиясымен бөлісті.

Байқауға қатысушылар еңбектегі, оқудағы жетістіктер мен отбасылардың әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақытты тиімді пайдалану туралы пайдалы да өнегелі мәліметтерді ұсынатын бейнероликтер дайындады.

Нәтижесінде жанұялары туралы дайындаған бейнебаяндары үздік деп танылған келесі отбасылар жеңімпаз атанды:

Бас жүлдені Семей қаласынан Чурчутбаевтар, 1 орынды Абай ауданынан Мақұлбаевтар, 2 орынды Өскемен қаласынан Қасеновтар, Үржар ауданынан Пернебековтер отбасы, 3 орынды Жарма ауданынан Асығатбек ата отбасы, Курчатов қаласынан Жұмажановтар, Өскемен қаласынан Маликовтар отбасы иеленді.

Облыстық білім басқармасымен бірлесіп өткізілген шарада жүлделі орын алған жеңімпаздар ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының мадақтамасымен қазан айында өткізілетін «Адал ұрпақ» слетінде марапатталады.