Павлодар қаласының тұрғыны жарты тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған

389
көрілім

ШҚО полицейлері үлкен көлемдегі балықты заңсыз тасымалдаған Павлодар қаласының тұрғынын құрықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қаңтар айының 14-і күні түнгі сағат 01:10 кезінде облыстық «Өскемен-Самар» тасжолының 60 шақырымында «ГАЗ» автокөлігі тоқтатылды.

- Құжаттарды тексеру барысында Самар ауылынан Өскемен қаласына бағыт алған 30 жастағы жүргізушінің салмағы 565 кг «рипус» балығын тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдағаны анықталды. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесі бойынша құқық бұзушы жауапкершілікке тартылады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Департамент баспасөзі қызметіндегілердің сөзінше, мұндай жайт «Өскемен-Алматы» тасжолында да бірнеше мәрте болған.

ШҚО Полиция департаменті балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулағаны үшін ҚК-нің 355-бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.