Полиция қызметкерлері Ұлан ауданында мал ұрлығымен айналысқан күдіктіні қолға түсірді

30
көрілім

Ұлан ауданында мал ұрлығымен айналысып келген 28 жастағы күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Ұлан ауданының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан түнде үйінің ауласында орналасқан шаруа қожалығынан белгісіз біреу жылқысын ұрлап әкеткені туралы арыз түскен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі жарты миллион теңгені құрады.

Ұлан аудандық полиция бөлімі мал ұрлығын әшкерелеу мен күдіктіні ұстау үшін құрамында жедел қызметкерлер, учаскелік инспекторлар мен жергілікті полиция қызметкерлері бар арнайы жедел-тергеу тобын құрды.

Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, куәгерлермен және жергілікті тұрғындардан түсінік алып, басқа да қажетті шаралар жүргізген. Нәтижесінде учаскелік полиция күдікті ретінде облыс орталығының 28 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді.

- Айта кету керек, Қылмыстық Кодекстің өзгеруіне байланысты бұл аса ауыр қылмыс түріне жатады, - деді ШҚО бойынша полиция бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.

Сонымен қатар тергеу барысында жас жігіттің қаңтар айының ортасында Алтай ауданында орын алған мал ұрлығына қатысы бар екендігін анықтады. Күдікті өзінің жасаған қылмысын толығымен мойындап, қамауға алынды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу жүрігізілуде.