Праймеризге қатысып-бағыңды сына

287
көрілім

Биыл партия өз тарихында алғаш рет партияшілік іріктеу өткізгелі отыр. 17 тамыз бен 3 қазан аралығы – Тәуелсіз Қазақстанның болашағына ат салысуға белсенді қатысқысы келетін ел жанашырларын іріктеу кезеңі болмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Nur Otan» партиясы барлық азаматтарға теңдей мүмкіндік беруді көздеп отыр. Кез - келген қазақстандық праймеризге қатысуға бел шешсе, оның партия қатарындағы өтіліне қарамастан додада өз бағын сынауға мүмкіндік бар. Қатысушы «Nur Otan» партиясы Жарғысына сәйкес, жеке өтініші және екіден кем емес партия мүшелерінің ұсынысы арқылы партия қатарына қабылданады. Праймериздің мақсаты Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау. Праймериз 5 кезеңен тұрады. Кандитаттарды ұсыну бастауыш партия ұжымының атынан немесе өзін өзі ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 10 жыл ішінде тұрақты тұрып жатқан жасы 20- ға толған , соттылығы жоқ, сыбайлас жемқорлық қылмысымен айыпталмаған азаматтар праймеризге қатыса алады.

Праймеризге қатысты ақпараттарды партия сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшасынан алуға болады. Сонымен қатар 8-723-40-25-399 телефонында CALL- CENTER жұмыс күндері ақпарат береді. Әділбаева Венера Зайсан аудандық маслихатының депутаты.