Премьер-Министр көктемгі егістік жұмысына баға берді

446
көрілім
Фотосуреттер - inform.kz сайтынан

Көктемгі егістік жұмыстарының қарқыны жаман емес. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Егістік науқаны жаңадан басталды. Былтырғы жылмен салыстырғанда, біраз өңірде кешеуілдеу бар. Ол ауа райына байланысты кеш басталды. Дегенмен, Ақмола облысы былтырғыға қарағанда, алда келе жатыр. Бүгінгі күнгі мәліметтерге сәйкес, Қостанайда 7, Солтүстік Қазақстан облысында 6 пайызға төмен. Басқа өңірлерде біреуі ілгері, біреуі кейін. Бірақ, жалпы қарқын жаман емес. Қажетті минералды тыңайтқыштар, субсидиялар және жағар-жаймайдың мәселесі шешілген. Тек қана енді осы егістік науқанын дер кезінде, уақытында аяқтауымыз қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, бүгінгі отырыс барысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев ауа райының салқын болуына және топырақтың кеш қызуына байланысты көктемгі егістік жұмыстарының қарқыны биыл біршама төмен екенін айтқан еді.