Президенттікке кандидаттар арасында теледебат бола ма?

423
көрілім
Фотосурет - jebeu.kz сайтынан

Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға түсетін кандидаттар арасында телепікірталас болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

- Бүгінгі күні менің білуімше, телепікірталас өтетін болады. Ол тікелей эфирде ұйымдастырылатын шығар. Теледебат - кандидаттардың бір-бірімен пікірталастыруы дегенді білдіреді. Толығырақ еститін боласыздар, - деді Д.Абаев.

Осыған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ҚР Президенттігіне кандидаттар арасында теледидардан ашық пікірталас өткізу мүмкіншілігі қарастырылып жатқанын айтқан болатын.

- Президенттікке кандидаттар, оларды ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын теледидардағы сайлау алдындағы пікірталастарға қатысуға құқылы. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы мұндай мүмкіндікті пысықтауда, - деген еді ол.