Пушкин атындағы кітапханада жаңа қазақ әліпбиін үйрететін Орталық ашылды

368
көрілім

14 желтоқсан күні Пушкин кітапханасында латын әліпбиінің негізінде жаңа қазақ алфавитін зерттеу Орталығының ашылу рәсімі өтті. Оған кітапхана қызметкерлері, қалалық ЖОО мен мектеп оқытушылары, студенттер мен қатысты.

Кітапхана қызметкерлері алғы сөздерінде жиналған қауымға латын әліпбиіне көшу – қоғамдық сананы жаңғыртудағы маңызды бағыттың бірі екендігін айтып өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі бойынша, жаңа қазақ графикасы ағылшын тілін меңгеруге, ғаламтор тілін қабылдауға және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына жақсы жағдай жасайды.

Нұр Отан партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Олег Чугунков Орталыққа жиналғандарды қарсы алып, өзінің баяндамасында партияның басты міндеттерінің бірі – Қазақстанның дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіруі үшін Елбасының алған бағытын қолдау екендігін атап өтті. Ал қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі – бұл стратегияның іске асуына кепіл бола алады.

Қазақ тілінің жаңа әліпбиін үйрететін Орталықтың қызыл лентасы салтанатты түрде кесілгеннен кейін кез келген ниет білдіруші қатыса алатын алғашқы сабақ өтті. Сабақ онлайн режимде өтті. Сабақты Алматыдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі Институты директорының орынбасары Анар Фазылжанова жүргізді. Одан кейін Орталық қызметкерлері оқытушылардың қатысуымен бейне-конференция ұйымдастырды.

Жаңа Орталық ашылғалы қазақ тілін латын графикасы базасында үйрену кез келген азаматқа қол жетімді болады.