Раджан Сейтканов Самар ауданының әкімі болып тағайындалды

774
көрілім

Облыс әкімінің өкімімен Самар ауданының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Раджан Қайрқанұлы осыған дейін әкім болған Көкпекті ауданы жұртына алғысын білдірді.

- Халықпен бірлесе жүріп, ақсақалдармен ақылдасып, ел ағаларымен кеңесіп, жастарды жұмылдырып атқарған айшықты істердің нәтижесін күнделікті көзімізбен көріп жүрміз. Қызмет бабындағы әрбір ауқымды шаралар мен қабылданған маңызды шешімдер үнемі халықтың назарында болды. Аз ғана уақыт ішінде атқарылған істердің шынайы бағасын да беретін өздеріңіз.
Халқының береке-бірлігі бекем, әлеуеті зор, экономикасы қарқынды, азаматтары елжанды, жастары жалынды Көкпекті ауданының келешегі кемел, болашағы жарқын. Осы уақыт аралығында қызметтес болған барлық әріптестерге, ақылшы болған ардақты ақсақалдарға, әрқашан қолдау білдіріп отырған аудан азаматтарына, барша көкпектіліктерге алғысым шексіз, - деді Раджан Сеитқанов.

Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов Самар ауданы активіне және мәслихат депутаттарына жаңа әкім Сейтқанов Раджан Қайырқанұлыны таныстырды.