Республикалық жолдарды күтіп ұстауға ғана жыл сайын 80 млрд теңге керек

177
көрілім

 Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолдарды күтіп ұстауға 80 млрд теңге қажет. Сондықтан, бюджетке артық салмақ түсірмеу үшін ақылы жолдарды енгізу жұмыстары жалғасады. Бүгінгі таңда ақылы жолдардың жалпы ұзындығы — 3 мың 200 шақырым. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл жолдардан 30 млрд теңге жиналды», — деді ол.
Министр аталған қаражат жолды күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеуге және техника сатып алуға жұмсалғанын атап өтті.

«Реконструкциядан өткен жолдарды нормативтік деңгейде күтіп ұстау үшін биыл жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын 11 учаскеге кезең-кезеңімен ақы алуды енгізу жоспарланып отыр», — деді Марат Қарабаев.
Министрлік мәліметінше, жолаушылардан ақы алынатын жаңа жолдардың тізімі мынандай:

Қызылорда-Арал;

Ақтөбе-Орынбор;

Қостанай-Тройцк;

Қостанай-Денисовка;

Ақтау-Бейнеу;

Қандыағаш-Мақат;

Балқаш-Бурылбайтал;

Бурылбайтал-Шу;

Үшарал-Достық;

Қарағанды қаласының айналма жолы;

Тараз қаласының айналма жолы.