Риддер тұрғындары 10 млн теңге сақталған сейфті көтеріп әкеткен

322
көрілім
Шартты фотосурет

Қыркүйек айының ортасында Риддер қалалық полиция басқармасының «102» жедел арнасына жергілікті тұрғын қоңырау шалып, сейф ұрланғандығын хабарлаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, сейфте қомақты қаржы сақтаулы болған. 35 жастағы жергілікті тұрғын таңғы сағат 07.30-дан 09.30-ға дейінгі аралықта белгісіз біреу пластикалық терезені кедергі көрмей, үйге кіріп алтын сақина, үйге арналған құжаттарды, 1843 жылы шығарылған мыс монетасын, «Еңбегі үшін» медалін және 8 000 000 теңге сақталған металл сейфті ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Жалпы келтірілген материалдық шығын 10 000 000 теңгені құрады.

- Іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотталған 30 жастағы екі жергілікті тұрғынды тез арада ұстады. Олар ұрланған мүлікті ішінара қайтарған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 4-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.