Риддер тұрғындары үйлерінде есірткі сақтаған

402
көрілім
Шартты фотосурет

Риддер қалалық полиция басқармасының қызметкерлері өз пәтерінде есірткі сақтады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қолға түскен ер адамның тұрғылықты жерінен өсімдік тектес заты бар 7 полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді. Сонымен қатар темекі шегуге бейімделген металл контейнерлер мен пластикалық бөтелкелердің сынықтары табылды.
Сараптама көрсеткендей, түйіншектерде салмағы 135 грамнан астам кептірілген марихуана сақталған.
- Сол күні тәртіп сақшылары 35 жастағы екінші жергілікті тұрғынды ұстады. Оның үйі мен ауласын тінту барысында ішінен полимерлік түйіншек табылды, - делінген ШҚО ПД таратқан мәліметте.
Сарапшы қорытындысына сәйкес ол салмағы 35 граммнан асатын кептірілген марихуана болып шықты.
Қылмысқа барған екі адамға да келу міндеттемесі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
- Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК - нің 296-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Есірткі, психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген мәліметте.