Риддерде қараусыз қалған саябақты қалпына келтіруге 32 миллион теңге қаржы бөлінеді

310
көрілім

Риддер қаласының әкімдігі ағымдағы жылы Островский көшесінің бойындағы саябақты көгалдандыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Бұл жердің қазіргі көрінісіне қарап саябақ деп атауға келмес. Дегенмен алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, саябақ толықтай жаңаратын болады.

- Саябақты абаттандыру мақсатында қалалық бюджеттен 15 миллион теңге қаржы бөлінді, - деді Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Қуат Мухамедчинов. - Бұл қаржыға тротуар салынып, көше жарықтары орнатылады, орындықтар қойылатын болады.

Қуат Маратұлының айтуынша, саябақты қалпына келтіру 32 миллион теңгеге бағаланған. Егер қосымша қаржыландыру мүмкіндігі болып жатса strit workout, балаларға арналған ойын алаңдары да қойылады.