Риддерде өрттен 26 адам эвакуацияланды, оның 8-і – бала

76
көрілім

8 желтоқсан күні саған 13.21-де Риддер қаласы, Юбилейная көшесіндегі 4 қабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, жанып жатқан пәтерден, 1935 жылғы әйел адамды алып шықты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Әйел адам өздігінен өртті сөндіруге тырысып, үйінен шықпай қалған. Алайда өрт сөндірушілер оны тыныштандырып, құтқару маскасын кигізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне жеткізеді. Үйден 26 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8-і кішкентай бала.

Қызыл жалын диванның жанында тұрған жылытқыштың салдарынан пайда болған. Өрттің жалпы аумағы 2 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер санаулы минуттарда жалынды ауыздықтап, адамдардың зардап шегіп, жарақат алуына жол бермеді.

Риддер қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы өрт болған жағдайда алдымен «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалып, оқиға туралы хабарлау керектігін ескертеді. Диспетчерге нақты мекенжайы, көше, үй нөмірі мен қабаты айтылу керек. Ондай жағдайда бөлмеден тез шығыңыз. Егер өрт лапылдап, өткір түтінге оранған болса дереу жиналып сыртқа шығуға әрекет жасаңыз.

Қалай дегенде де өртті болдырмау керек. Ол үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.